Қазақстандағы концерт залдары мен адам көп шоғырланатын орындарға яғни сауда үйлеріне тексеріс жүргізіледі. Бұндай тексеріс қауіпсіздік мақсатында жасалмақшы. Мәскеудегі террактіден кейін ішкі істер министрлігі осындай жұмысты қолға алмақ. Кез келген ауданы 500 шаршы метр болатын объектілер террористік тұрғыдан осал нысандарға жатады деді Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.
ИГОРЬ ЛЕПЕХА, ҚР ІІМ ОРЫНБАСАРЫ: «Бүгінде сауда үйлері, концерт залдары терроризм қаупі бар нысандарға жатады. Жалпы ауданы 500 шаршы метрден асатын объектілер террористік тұрғыдан осал нысандар категориясына жатады. Сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары бар. Жалпы мұндай жерлерде адам көп жиналады. Бұрын ұйғарым болған объектілерді тексереміз, ал тексерілмеген нысандар болса, оларды тағы тексереміз. Қалған нысандардың иелерімен сөйлесіп, оларға кеңес береміз».