Копенгаген қаласында орналасқан мұражайда 4000-нан астам Барби қуыршақтары сақталып тұр. Жинақта ерте замандағы үлгілер мен шектеулі серияда шығарылған қуыршақтардың заманауи түрлері көрініс тапқан. Бұл қуыршақтардың кішкентай әлемін дат халқының Лене Дарли Педерсен есімді азаматшасы жасаған. Лене Дарли Педерсен барби қуыршақтарын 1989 жылдан бастап жинаған екен.

ЛЕНЕ ДАРЛИ ПЕДЕРСЕН ҚУЫРШАҚ ЖИНАУШЫ

«Алдымен маған қуыршақтардың әдемі киімдері ұнады. Негізі мен бастапқы уақыттарда ескі қуыршақтарды жинадым, кейін біздің клубта Барби қуыршақтарын жинайтын әйел жұмыс істеді. Маған бұл күлкілі іс болып көрінетін. Бірақ, уақыт өте келе мен де қуыршақтар жинай бастадым».

Лене қуыршақтарды жинап жүргенде олардың өзгеретінін байқаған. Бұл сыни пікір болуы мүмкін. Өйткені, қуыршақ шығарушылар бірнеше рет Барби қуыршақтар балаларға сұлулықтың шынайы емес стандарттарын көрсеткендері үшін сынға алынған болатын.

ЛЕНЕ ДАРЛИ ПЕДЕРСЕН ҚУЫРШАҚ ЖИНАУШЫ

«Қуыршақтың беті шамамен он жыл сайын өзгерді. Әсіресе, 1997 жылы қуыршақтардың формасы қатты өзгерді. Бет формалары ісініп, дене формасы да аздап толықтай түсті. Ал қазір мамандар қуыршақтардың аяқтарын қысқа қылып шығарып жатыр».

Лененің топтамаларында ерекше қуыршақтар өте көп. Мысалы, олардың бірі неміс моделі Хайди Клумның бейнесіне ұқсатылып жасалған болса, енді бірі әнші Бейонсенің образында жасалған. Ал енді бір жинақ ханзада Уильям мен ханшайым Кэтриннің үйлену тойына арналып жасалған.

Мұражай иесінің айтуынша, ол қуыршақтарды қатты жақсы көреді. Олардың киімдерін американдық дизайнер Боб Макки жасаған. Ол Марлен Дитрих, Диана Росс, Уитни Хьюстон және Бритни Спирс сияқты атақты адамдардың дизайнері болған екен.

Дегенмен, Лененің ескі неміс қуыршағы — Bild Lilly оның ең сүйікті қуыршағы болып қала береді. Бұрын Лене өз үйінде қуыршақтарын жинаған. Кейін, үйде оларды қоятын орын жоқ екенін түсініп, мұражай ашқан. Ол бес бөлме мен жертөледен тұрады. Лене енді жаңа қуыршақтар сатып алмайды, тек бұрыннан бар қуыршақтарды мұқият сақтайды. Аралап көргісі келетін жандарға экскурссия жасап тұрады. Американың «Барби» комедиясы шыққаннан кейін, мұражайға келушілер артқан. Айта кетейік, бұл фильм 9 шілдеден бері 200 000 доллардан астам табыс әкелген.