Корея мен Қазақстан Республикаларының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай, 2023 жыл екі ел арасындағы мәдениет жылы болып жарияланды. Осының аясында бүгін Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында мәдени алмасуды дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында халықаралық іс-шара ұйымдастырылды.

Корея мемлекетінің драматургтер ассоциациясы мен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультеті және Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Қазақстанның еңбек ері, драматург Дулат Исабеков пен Оңтүстік Корея драматургтері жиналды.

АН ХИ ЧЕР КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ДРАМАТУРГТЕР ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: "Біз Қазақстанға осы елдің драматургтерін көріп, іс-тәжірибе алмасуға келдік. Осындай мүмкіндіктің туғанына қуаныштымыз. Бұл жиынға біздің елден 12 драматург келіп отыр. Алдағы уақытта сіздермен бірлесіп жақсы жұмыс жасап, тарихта қалсақ екен деген ниетіміз бар".

КИМ СУ МИ КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ДРАМАТУРГТЕР ҚОҒАМЫНЫҢ ПРОДЮССЕРІ: "Біз қазақтардың . Ми, жан және жүрек - тілдесуді қажет етеді. Сол себепті де біз сіздермен пікір алмаса отырып, қазақтың театр мәдениеті туралы толығырақ білгіміз келеді.  Драматургия - түсіністік кілті. Бүгінгі іс-шара үлкен жұмыстардың бастау болмақ".

Жоспарда 2024 жылы қазақстандық драматургтердің Корея Республикасына жауапты шығармашылық сапары бар. Сонымен қатар, кореялық және қазақ драматургтарының осы жоба аясында жазылған жаңа шығармаларын екі тілде кітап етіп басып шығару да қарастырылған.

АНАР ЕРКЕБАЙ Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ

Іс-шарада театр студенттері Дулат Исабековтың «Мұрагерлер» пьесасының оқылымын оқыса, Корей драма театрның актерлары кореялық жас драматург Ким Сен Диннің "Бос бөлме" пьесасын оқып берді. Келуші қонақтар өз ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта бірлесе жақсы жұмыстар жасауға ұсыныстарын айтты.