Қазақта «Атаның салған жолы бар, Ананың тіккен тоны бар»-деген қанатты сөз бар. Бұл сөз Қордай ауданы Кенен ауылында бар ғұмырын ел игілігі үшін еңбек еткен қазақ әйелдері арасынан шыққан алғашқы киномеханик әйел Рәпия Халыққызы мен ауыл баласына әліппені үйретіп 40 жылдай мектепте сабақ берген Ордабай Сәдібековтерге арналған секілді. Ордабай ата мен Рәпия ана сонау Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейін қос өзендей қосылған тағдырларында қилы қиын күндер көп болса да мойымай қарсы тұрып 7 баланы аялап өсірген бақытты отбасы деуге болады. Жамбыл облысы Қордай ауданында орын алған игі шара осы азаматтарға арналды.
Қазақтан шыққан тұңғыш киномеханик әйел, КСРО Киномоторграфиясың үздігі, «Құрмет белгісі» және «Октбярь революциясы» ордендерінің иегері, Қазақстанға еңбегі сіңген Мәдениет қызметкері. Жамбыл облысының құрметті киномеханигі, ел құрмет еткен ана Рәпия Халыққызының атында Қордай ауданы Кенен ауылында мұражай кабинет ашылды. Мұражайдың ішіне ардақты анамыздың көзі тірісінде қолына ұстаған заттары мен тарихи құнды жәдігерлер қойылған. Сонымен қатар мұражайдың бір бұрышына Рәпия анамыздың өмірлік жары Қазақ СССР Оқу-Ағарту ісінің үздігі, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қордай аудынында алғаш болып құрметті азамттығын алған жанның бірі, 40 жыл ұстаздық етіп бала оқытқан ардақты жан Ордабай Сәдібеков туралы да мұржай көрермендердің назарына ашылып отыр.
БІРЖАН ӘЛІМБЕТОВ ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Елі үшін еңбек еткен жандарға арналған игі шараға Қордай ауданы әкімінің орынбасары, аймақтың ақсақалдар алқасының төрағасы, ауыл халқы мен Алматыдан арнайы ат терлетіп келген қонақтар қатысты.Мерекелік шараның екінші бөлімі ауылдың талантты, өнерлі ұл-қыздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.Салтанатты шарада атақты режиссер Ораз Әбішев түсірген "Рәпия" атты деректі фильм көрсетілді.
ДАМИРА МАРАТҚЫЗЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Шара барысында Рәпия анаға арналып сахнада жыр шумақтары оқылып, ауыл таланттары өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ ұрпақтары да әжелеріне деген сағыныштарын өлең шумақтарымен жеткізіп жатты.