-"
Күзден бастап темір жол билетінің құны 20 пайызға артпақ. Бұл өзгерістен кейін стандарт вагондардың бағасы 6 мыңнан 7 мыңға көтерілсе, тальго вагонының бағасы 10 мыңнан 12 мыңға дейін қымбаттамақ.
ЛӘЗЗАТ СТАМҒАЗИЕВА ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ «Ең бастысы вагон портын жаңартуға, ЖД желісінде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, ЖД қызметкерлерінің жалақысын өсіруге бағытталған. Қазіргі таңда елімізде ел халқын таситын 140 маршрут болса, бұл өзгеріс күзден бастап оның тек 62 ғана қатысты болады».
Статистикаға сүйенсек, елімізде 2667 вагон бар. Қазіргі уақытта оның тозу көрсеткіші 44 пайызды құраған. Сол себепті, былтырғы жылы 118 вагон алынса, биыл 140 вагон сатып алу жоспарда бар. Бірінші жарты жылдық аясында оның 50 вагоны алынды, қалғаны жыл аяғына дейін жеткзілмек.