Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда биылғы көрсеткіш бірнеше пайызға өскен. Қылмыстың санын азайту мақсатында Қызылорда облыстық полиция департаменті мен білім басқармасы ауқымды жиын өткізді.

Жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалған қылмыстар қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ата-аналардың баламен байланысының аздығы, оларды өз бетінше қалдырып, бос уақытын қадағаламауы, отбасындағы қолайсыз жағдайлар қылмыс жасау себептері болып отыр.  

ІЛИЯС ЖҰМАҒҰЛОВ  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша да тиісті жұмыстар атқарылуда.Оқушылар мен студенттердің құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

АСҚАРБЕК ЕСЖАНОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Сонымен қатар, «Жасөспірім», «Балалар түнгі қалада» жедел-профилактикалық шаралары,  ұдайы жүргізілуде. Іс-шаралар нәтижесінде 2992 құқық бұзушылық анықталып,қаңғыбастық пен кезбелікке салынған 128 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылса, 640 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылды. Оқу жылының аяқталуына орай өткізілетін жас түлектердің беймезгіл уақытта жүрмеуі, кортежге шықпауы, отырыстар жасамауы, белгіленбеген жерлерге суға түспеулері бойынша ата-аналар жиналыстарында хаттамалау арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.