Көкшетау қаласындағы Застанционный шағын ауданында орналасқан №14 орта мектепте күрделі жөндеу жұмысы 15 мамырда басталған. Тамыз айының соңында, жөндеу жұмысы аяқталуы тиіс еді. Бірақ, мердігер ұйым білім ошағының бір бөлігін жөндеуді уақытылы аяқтап үлгермеуде.
Осы уақытқа дейін, мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шатыры ауыстырылған. Жөндеу жұмыстары тәулік бойы екі ауысымда жүріп жатыр. Тек, жұмысшылардың аздығынан жұмыс кестеден кешеуілдеуде.
АЙҚЫН САБЫРОВ, УЧАСКЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Кішкене үлгермей жатырмыз. Біз бәрін құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жасаймыз. Арасында техникалық мәселелер де болды, бірақ, қазір оның барлығы шешілді. Материал әкелінуде. 10-ыншы қыркүйекке дейін біз бұл мектепті толығымен аяқтаймыз. Қазіргі уақытта терезе блоктарын орнату, терезе төбесін орнату сынды жұмыстар жасалуда».
Санаулы күннен кейін, жаңа оқу жылы басталады. 1 қыркүйекте бастауыш сынып оқушылары баратын сыныптар әлі дайын емес. Осы жағдайға оқушылардың ата-аналары алаңдауда.
АНАСТАСИЯ ӘСЕНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:«Мердігер айтқан уедесін орындамай отыр. Бұл жерде бастауыш сынып оқушылары үлкен сынып оқушыларынан бөлек оқуы керек. Енді, оқу жылы басталғанда мектепте бөгде адамдар да болмақ. Сонымен қоса, құрылыс жұмыстары да жүргізіледі. Мен, әрине, кәсіби құрылысшы емеспін. Соның өзінде, қарасаңыздар бұл жерде жұмыстың 80%-ы орындалмағанын көруге болады. Бізге электр желілерінің өткізілгенін айтқан. Бірақ, жөндеу жұмысы басталғалы төрт ай өтті. Тіпті, бұрынғы ескі аспашамдар да ауыстырылмаған».
НҰРЛАН СӘПЕНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Терезелер жоқ. Егер жаңбыр жауса, қабырғаларға ылғал өтеді. Енді осыны көріп тұрып, қандай болған жөндеу жұмыстар туралы айтуға болады? Егер мердігер технологияны шынымен ұстанатын болса, мұның бәрі ылғал өтпей тұрып жабылуы керек. Осының барлығын басқа адамдарға көрсетіңіз. Олардың бәрі мектеп қаншалықты жаңа оқу жылына дайын екендігі туралы қорытындыны өздері шығарсын».
Жөндеу аяқталғанға дейін, балалар мектептің басқа бөлігіндегі сыныптарда оқиды. Бұл оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де бірқатар қиындық туғызбақ.