Көкшетау қаласында 1 аптадан астам жауған жауы толастар емес. Салдарынан жекеменшік сектордағы үйлердің аулаларында көлшіктер пайда болды. Оған қоса, тас жол төселмеген аймақтарда езілген сазбен, жиналған су тұрғындардың өтер жолын шайып кеткен. Ал осындай мәселесі бар көшелер мен аула маңы қала бойынша жетіп артылады.
Облыс орталығындағы Нефтебаза көшесінің бір бөлігін су басқан. Онымен қоймай дүкеннің алды да лай. Тұрғындар үшін дүкенге кірмек түгілі қоқыс төгудің өзі үлкен мәселе. Себебі, қоқыс жәшігіне жету үшін резеңке бәтеңке кисең де, қонышыңа дейін батпаққа батасың. Онымен қоймай, шашылған қоқыс су бетінде қалқып жүреді дейді.
ХӘКІМ ЖҰМАНОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ Мына үйлерге де қиын. Аялдамаға шығады. Мына жерді көріп тұрсыз ғой, асфальт жоқ, тратуар жоқ. Сосын әрі қарай мына үйдің алды да су. Бардюр суға батып жатыр. Көліктер судың бетімен жүреді.
Тұрғындардың айтуынша бұл жерге жыл сайын су толады. Дегенмен, жауапты органдар дер кезінде әрекет жасайтын. Ал,биыл жауапты мекемелер мәселені шешу үшін, саусақтың ұшында қимылдатапаған көрінеді. Дей тұрғанмен, жауапты мекеме басшылығы тұрғындарға жауап беруден бас тартпады.
РУСЛАН ТӨЛЕГЕНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ Бүгінгі күні жауын-шашын мол. Осының салдарынан, кей жерлерде судың жиналуы байқалады. Біздің мердігерлік ұйымдар мен «Көкше Тазалық» және «Зерен» серіктестіктері тиісті жұмыстарды жүргізілетін болады. Осы бағытта су көп жиналатын жерлерде су сору құрылғысы қолданылады. Сондай-ақ, қала тұрғындарынан және «Ай көмек» қайырымдылық қорынан келіп түскен өтініштерді қабыл алып, белгілі іс-шараларды жүргіземіз. Ал егер сұрақ Нефтебаза 1 мекен-жайында тұрса, ақпарат келіп түсті, қажетті жұмыс істелініп, мәселе шешілетін болады.
Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері де жауын-шашын болып, құбылмалы ауа райы сақталмақ. Яғни, әлі де болса жаңбыр суы тұрғындар әуре сарсаңға салатын түрі бар.