"

Көне қорымдарға мәйітті апарып жерлеуді тыю керек. Маңғыстаудағы тарихи-мәдени қорықтарды зерттеп жүрген мамандардың бірі- Нұрлан Құлбай осылай деп дабыл қағып, көпшілікке үндеу тастады. Себебі жаңадан салынған молалар қорықтың ескі көрінісін бұзады. Жалпы мемлекеттің қорғауына алынған қорықтарға   өзгеріс енгізуге заңмен тыйым салынады. Сол тәртіпті күшейтіп, тиісті заң нормасына өзгеріс енгізілсе, - дейді Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының  басшысы.

Өткен ғасырларда қорықтың ортасында қалған ата-бабасының қасына көпшілік жақын-жуықтарын жерлеу дәстүрге айналған. Ол өз кезегінде аспан астындағы мұражай болып саналатын ескерткіштердің көркін бұзып тұрады, - дейді зерттеуші мамандар. Айта кетейік  жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен Маңғыстау облысының аумағында қола дәуірінен бастап ғұндар, оғыздардың да құнды ескерткіштері бар. Түріктің батыры Ертұғырыл мен Алып Арыстанның Селжүк империясы Маңғыстаудан басталады, - дейді ғалымдар. 

НҰРЛАН ҚҰЛБАЙ - МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚОРЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Оғыздардың мемлекет құрып осы арадан Осман империясын ұлғайтуға, жер жаулауға аттанып кеткенінің дәлелі. Жер, қорымдар атауы оғыздарға тән атаулар. Сондықтан үлкен ғалымдар түркі әлемінің астанасы- Ақтау қаласы болатыны дұрыс шешім деп тапты».

Қорымның басындағы шырақшының да шағымы бар. Туыстарын жерлеп кеткендермен соттасып жатқандарын айтады. Жерлемей тұрып, қабір дайындау кезінде ескертсемде, сөзімді елемеді дейді ол. 

ТҰРҒАНБЕК ДҮЙСЕКЕШ - “ҚОШҚАР-АТА” ҚАУЫМЫНЫҢ ШЫРАҚШЫСЫ: «Мемлекет қарауындағы жерлер болған соң ешқандай рұқсат етілмейді жерлеуге. Мына жерде ата-бабам жатыр белгі қоямын деуге.1,8 га жер ашық аспан астындағы мұражай қорым ішінде тіпті жерленбейді. Күмбез тұр ғой 16 гектар Қошқар ата сол жерде бос орындар».

Заңды елемейтіндер бар-жоғы 30 мың теңге айыппұлмен құтылып кететін көрінеді. Сол себепті өңірдегі қорықтың директоры заңға өзгеріс керек екенін айтып, айыппұл көлемін көтеру мәселесін алға тартты. 

НҰРЛАН ҚҰЛБАЙ - МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚОРЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Заңдарға өзгеріс жасауымыз керек. Үлкен сомада айыппұлды көбейту керек. Әкімдіктер ескі қорым жанынан 100-200 м қашықтан жер телімін бөліп, адамдарды қойса, сала берсін. Бірақ ескерткіштердің жанына қоюға болмайды».