Абай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық прокуратураның үйлестіруімен Абай облысының полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Гүлвира Доненбаева мен басқа да қызметкерлерін пара алу кезінде әшкереледі. Лауазымды тұлға өзінің қоластындағы қызметкерлер арқылы аудандық полиция бөлімшесінің маманын қалалық көші-қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.
МАДИЯР БАЙТАБАНОВ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ: «Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеп-тексеру мүддесінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды. Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады».