Марокколық әскерилер жойқын жер сілкінісінен кейін баспанасыз қалған адамдарды азық-түлікпен уақытша баспанамен қамтамассыз етуде. Амизмиз қалашығы - ең көп зардап шеккендердің қатарында.
Бұл палаткалы лагерьде 1500-ден астам адам тұрады. Сарбаздар оларға тәулік бойы тамақ дайындауда. Алдымен әйелдер мен балаларға,
содан кейін ер адамдарға қызмет етеді.
ДЖАММО АДЖАМИЛЬ -АМИЗМИЗ ТҰРҒЫНЫ:
"Әскерилер бізді дәрі-дәрмекпен қамтамассыз етіп отыр. Біреудің ауырып жатқанын біле қалса өздері ем-дом жасауды. Олар тіпті
түнде де бізден хабар алып тұрады".
Марракеш – Сафи аймағында 6,8 баллдық жер сілкінісі 8 қыркүйекте орын алды. Эпицентрі Атлас тауларында болды. Эль-Хауз провинциясындағы шағын қалалар қатты зардап шекті. 3000-ға жуық адам қайтыс болып, 5500-ден астамы жарақат алды.
Құтқарушылар әлі де үйінділерді бөлшектеп, тірі қалғандарды іздеуде. Бірақ қазір операция зардап шеккендерді қолдауға басымдық берілген екінші кезеңге өтті. Адамдарды уақытша баспана, тамақ, су және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге тырысуда. Ал Амизмиздегі бұл лагерьде жергілікті фосфат өндіретін компанияның жұмысшылары өз еркімен балаларға арналған ойын алаңын жасап жатыр.
ФАТИМА ЗАХРА – АМИЗМИЗ ТҰРҒЫНЫ: "Мен олардың мұны біз үшін жасағанына өте қуаныштымын. Енді балалармен ойнай аламыз".
Ата-аналар ойын алаңы балаларына апат кезінде бастан кешкендерін ұмытуға көмектеседі деп үміттенеді. Бұл жер сілкінісі Мароккода 1960 жылдан бергі ең қауіпті және соңғы 120 жылдағы ең күштісі болды. Ел билігі зардап шеккен әрбір отбасына 3000 доллар төлеуге уәде береді. Сонымен қатар, адамдар уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі.