31 мамыр – Қазақ тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі – миллиондаған адамдардың өліміне әкелген жаппай саяси қуғын-сүргін мен алапат ашаршылықты еске алып, аза тұтатын күн. Айтулы күнге арнап Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей ұстаздары оқушылармен бірге «Тарлан тарих тағылымы» атты ашық сабақтар өткізді. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Елімізде 1997 жылдан бері Қазақстанда жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Білім қабырғасында өткізіліп жатқан іс шараның негізгі мақсаты – оқушылардың отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.

КУЛЬЖАН САУЫТҚЫЗЫ М.ГАНДИ АТЫНДАҒЫ №92 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫ «Бүгіз біз ұстаздармен бірлесе отырып, ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандар мен туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды еске алу мақсатында мектебімізде осындай іс-шара өткізудеміз. Осының құрметіне лицейімізде «Патриоттар» залы ашылуда. Жыл сайын репрессияға ұшыраған қазақ зиялыларын еске алу күніне орай осындай ашық сабақтар өткізіп тұрамыз. Бұл шара – жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің алдындағы борышты өтеуге, парызды ақтауға арналған жұмыстардың бастауы және болашақ ұрпаққа үлгі істердің бірі деп есептейміз».

Сондай ақ, Қазақстандық жас патриоттар академиясының басшысы Ділдаш Рысқұлбекқызы бүгін тұсауы кесілген «Патриоттар» залына былтырдан бері ерен еңбегі бар азаматтарды шақыру, оларды құрметтеу жайында өз ұсыныстары мен ой пікірлерін білдірген. 

ДІЛДАШ РЫСҚҰЛБЕКҚЫЗЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ПАТРИОТТАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Енді бүгін біз алаш арыстарын еске алып жатырмыз, алаш арыстарын 31-де сол репрессия құрбандарын еске алатын күн ғой. Мынау жаңалықтағы тұрған ескерткіштің бастамасы Талғар ауданының әкімшілігі бастап, сол жерге кішкентай ескерткіш қойып, аяғында керемет ескерткіш болып отыр қазір. Сол мерекеге қарсы мына мектептің жасап отырған үлкен іс шарасы. Осылай әр мектеп осылай патриоттық сезіммен іс шара өткізсе, бізде қазір 7 мыңға тарта мектеп бар ғой, 3 миллионнан артық оқушы бар. Сонда елімізде патриоттар саны көбейеді».

Іс шараға, мектеп оқушыларымен қатар елімізде су тасқынынан зардап шеккен облыстардың оқушылары да қатысып, тың ақпараттармен білімдерін толықтырды.
 
АЯЖАН НҰРЖАН СҚО ШАЛАҚЫН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫСЫ «Біз «Балдаурен Қонаев» орталығынан  Махатма Ганди атындағы 92 лицейге келгенімізге өте қатты қуаныштымын. Лицей бізге жас патриоттар атағын берді. Лицейдегі өткен тренингтарына қатысқаныма, ұжымына, бізге көмек көрсеткеніне алғысымды білдіремін. Өткен тренингтарда біз көп балалармен таныстық. Болашақта қарым қатынасымызды сақтаймыз. «Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып» деп Б.Момышұлы айтып өткендей, еліме адал қызмет етуді мақсат қылып қойдым».

Бұл күн қазақ елі үшін түбінде қайғы қасіреті жатқан қаралы күн. Әрбір қазақ баласы осы қайғы қасіретті ұмытпауы тиіс.