Маңғыстаудағы теміржолшылардың еңбек жағдайы мәз емес. Бейнеу станциясының мамандары сақылдаған сары аяз бен ми қайнатар аптап ыстықта сонау 1960-шы жылдары салынған үйшікте отырып шойын жол мен вагондарды тексереді екен. Жұмысшылар сапалы жұмыс жасау үшін алдымен еңбек жағдайын дұрыстап беруін және жалақыларын екі есеге көтергенін қалайды.  

Жолаушылар мен жүк тасымалдайтын пойызға қызмет көрсету үшін жұмысшылар бірнеше жыл осы үйшікте ауысымға шығып тұрған.  Теміржолшы Аманжан Құлыбаев осындай ит байласа тұрғысыз жерде жұмыс істеп келеді.Жұмыстан шығып кетейін десе ауданда екі қолға бір күрек табу қиынның қиыны екен. Сол себептен де көпшілігі бар жұмыстан айырылғысы келмейді. 

АМАНЖАН ҚҰЛЫБАЕВ  БЕЙНЕУ ЖОЛ ДИСТАНЦИЯСЫНЫҢ ЖОЛ ЖӨНДЕУШІСІ
«Біздің әлі КТЖ-ға көңіліміз толып отырған жоқ, нәтиже ешқандай почти нөлдің қасы. Әңгіме жоқ, басында ұмтылады, өткенде азғантай вагондар берді, вагондардың да сапасы нашар. Киімнің өзі мынау, еңбек жағдайына осы да кіреді, киімі де нашар».

Айлықтары шайлықтарына жетпей отырған жұмысшылар мәселенің ауызша айтылып қалғанын емес, іс жүзінде жүзеге асқанын қалайды.

 ЖІГЕР БАБАҚҰЛОВ БЕЙНЕУ ЖОЛ ДИСТАНЦИЯСЫ ПЧ-12 УЧАСКЕ БАСШЫСЫ
«Айлық жағынан сол әркімнің өзінің талап еткен жалақысын көтеріп, жұмыстың ауырлығына байланысты мәселесін қарастыруын, көтеруін сұраймын. Қазіргі таңда қалтаға тиіп тұр, дүкендерде тамақтың қымбаттауы байланысты елдің, қарайым халықтың қалтасына ауыр тиіп тұр. Менің айлығым жетіп жығылады. Оқытып отырған бала-шағам бар. Алматыда оқытып отырған студент балаларым бар. Өз алдына кредитім бар. Былайша айтқанда жетпейді деуге болады».

Жауаптылар  соңғы екі жылда жағдайларды жақсарту және еңбекті ұйымдастыруды арттыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілгенін алға тартты. 

 НҰРБОЛАТ ШАЛҒАБАЙ  МАҢҒЫСТАУ МАГИСТРАЛДЫҚ ЖЕЛІ БӨЛІМШЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Қарайған жұмыс жасалып жатыр. Жасалмады деп айтуға болмайды. Себебі вокзалдың бәрі осы ғимаратқа да, одан басқа путь бар, капитальный ремонттар жүреді, оғанда қарайған қаражат құйылып жатыр. Биылға, екі здания біреуін 15-ші разъездке қойды, біреуін Жетібайға қойдық. Жігіттердің өздері ішін ремонттауға болады, енді кішкентац затқо өзің көріп тұрсыңғо. Қай ер азамат болсада май жағып, сылап істеуге боладығо». 

ҚазақстанТемірЖолы басқарма төрағасы Сауранбаевтың сөзінше компанияда бүгінгі таңда 120 мыңға жуық адам жұмыс жасайды екен. Қызметкерлердің бір ғана жалақысына 600 млрд теңге жұмсалады. Ал теміржолшылардың демалу мәселесін келесі жылы толық шешіп береміз деп уәде беріпті-мыс.