"
Маңғыстаудағы күні бүгінге дейін ауыз су, электр энергия жүйесі мен газ толық шешімін таппаған мәселе. Өңір тұрғындары жұмыс сапарымен барған энергетика вице министрі Ерлан Ақкенженовке аталмыш мәселелерді шешіп беруін өтінді.
Күрмеуі көп мәселені кездесуге келген халық кезегімен баяндады. Олар аймақты электр энергиясымен, ауыз сумен және жылумен қамтитын МАЭК кәсіпорнын толықтай жөндеуді мемлекет өз мойнына алуы қажет екенін,сондай-ақ, жыл басынан бері газ бағасының 3 рет көтерілуін негізсіз екендігін алға тартты. Өңірдегі белсенділер вице-министрге электр энергиясы мен газ беретін алыпсатар мекемелерді нарықтан алып тастауды да ұсынды.
Ешқандай аймақта мынандай көтерілім жоқ. Тек Маңғыстауда. Газды көтерді, Маңғыстау жарықты тықты. Ортада кілең посредник, қашан алып тастайды посредниктерді? мынандай себестоимость қайдан шығады? МАЭК 80 пайыз тозып жатыр дейді.
Энергокомбинаттағы мәселенің шешілуі бойынша да тұрғындар өз ойларымен бөлісті.
ФАРИД ГИНАЯТОВ ТҰРҒЫН: «Ең қымбат газды біздің Маңғыстаудың МАЭГЫ алып отыр. Соның кесірінен 60 пайыз ақшалары сол закуп газға кетеді. Жылда тариф көтеріледі, алдыңғы жылы 2 рет тариф көтерілді. Сол тарифтің үсітне қосылған бағаны газдың бағасы жеп қояды. Сол үшін модернизацияға ақшамыз жоқ, сол Маэктың өздерінің отчеты бойынша 80 пайызға тозығы жетіп тұр».
Ал энергокмобинаттың газды сатып алатын мекемесі- ҚазТрансГаз аймақ. Кәсіпорын жылына 20 млрд текшеметр көгілдір отын тұтынады. Яғни 55 млрд теңге тек көгілдір отынға жұмсалады.
БЕРДІБЕК ҚАРТБАЕВ "МАЭК" ЖШС ӨКІЛІ: «МАЭК мекемесі уәкілетті орган бекіткен тарифпен сатып аламыз. Оны бекітетін энергетика министрлігі. Олар шектік бағаны бекітеді, одан кейін тасымалдау бар, жеткізу бар, жабдықтау бар, оны жеткізетін мына Ұлттық экономика министрлігіне қарасты коммитет инвестиционное монополия, солар бекітеді».
МАЭК өндіретін жарық, жылу, электр энергиясы халыққа жеткенше, ортадан пайда көздейтін 3-4 мекеме бар. Соның кесірінен халық бұл ресурстарды қымбатқа алуға мәжбүр.
Халықтың сіздерден сұрап отырғаны - үкіметтің Маэктың ремонтын 100 пайыз мойнына алып жасасын. Хапықтың қалтасына түспесін. Тарифті көтермеңдер деп отыр. Болды қысқаша осы.
Қыста жылуға, жазда ауыз су мен тоқ көзіне жарымайтын Маңғыстаудың халқы министрге еш бүкпесіз мәселенің барлығын жеткізді. Бұл салаларға бақылау болмаса облыс жұртшылығы сол шырылдаған күйі отыра бермек. Өз кезегінде министр ақпаратты Үкімет үйіне жеткізетінін айтты.
ЕРЛАН АҚКЕНЖЕНОВ ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Бір турбинаның ремонты істелді. Тағы да қаражат бөлінеді. Қазіргі таңда Маэк облыс балансына берілді. Ал біз Үкімет ретінде барлық керекті қаражатты бөлуді қарастырамыз. Маэктің газдың бағасы оны Астанаға барып осы сұрақтарды көтереміз. жылуға қатысты өткен 1-шілдеде жаңа заң қабылданды. Сол үшін бүкіл жұмыстарды министрлік құзыретіне алып бақылауға аламыз».
Кездесуден соң министр әр ауыл мен аудан, қаланың коммуналдық мәселесін көтеріп келген тұрғындарды жеке-жеке қабылдады.