Маңғыстаулық 64 жастағы  велошабандоз Рәббім Борашев мамырдың 3-і күні Парижде өтетін олимпиада ойындарына жолға шығады. Бейнеулік спортшы бұл жолғы сапарын Баку қаласынан бастайды. Ол осыған дейін ең ауқымды тур - Маңғыстаудан Алтайға велосипедпен сапарлатқан. Ол жерде 5406 метр биіктікке шыққан. Әзербайжаннан, Батуми қалаларына баруға бекінген. Ол Парижге дейінгі жолды 2 айда жүріп өтуді жоспарлап қойыпты. Рәббім Борашевтың негізгі мамандығы - архитектор. Зейнет жасындағы спортшы жасы алпысты алқымдасада алда өтетін барлық велошерулерде төбе көрсетіп, сайыстарға белсенді қатысуды жоспарлар отыр.
 
РӘББІМ БОРАШЕВ — ВЕЛОШАБАНДОЗ «Денсаулық болса, бәрі аманшылықта болса, барлығын жүріп өтуге тырысамын. Менің жасымда олимпиада чемпионы болу қиын шығар. Бірақ сонда олимпиада үшін бір тоннадай тер төгетін шығармын деп ойлаймын».