Мемлекеттік тілдегі контент 70 пайызға дейін артады. Енді теле, радиобағдарламалар 50 де 50 емес, 70 те 30 позициясы бойынша хабар тарататын болады. Себебі, қазақ тілді аудиторияның сұранысы артқан және бұған Қазақстан халқының 80 пайыздан астамы мемлекеттік тілді меңгергені себеп. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты. Одан бөлек, министр желіде тараған жалған ақпараттармен күрес үшін шет елдік плтаформалармен арнайы келіссөз жүргізіліп жатқанын жеткізді.
АИДА БАЛАЕВА ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ: Әлеуметтік желінің тәртібі бар. Жалған ақпарат тараса функция бар, жалған ақпарат оны таратпауға өтініш білдіру. Ол механизм жұмыс істемесе сотқа беруге болады. Біздің тарапымыздан шет елдік платформамен келіссөз жүргізіліп жатыр. Кейбіреулерімен келісім бар. Бұл заңның жүзеге асырылуы толық біздің бақылауымызда болады».