28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай Ақордада салтанатты жиын өтті. Оған республикалық ақпарат құралдары ғана емес, өңірлердегі жетекші телеарналардың, газет-журналдардың, ақпараттық ресурстардың өкілдері қатысты.Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтап, журналистиканың мәртебелі мамандық екенін атап өтті. Сондай-ақ Президент елімізде жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси, экономикалық реформаларға арнайы тоқталып, осындай тың бастамаларды жұртшылыққа жан-жақты түсіндіруге журналистер қауымы зор үлес қосып келе жатқанына назар аударды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында нашақорлық, құмарпаздық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық секілді бес әлеуметтік кесел туралы мәселе көтергенін еске салып, мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан заңнамалық және идеологиялық жұмыстар жөнінде айтты.Президенттің пікірінше, елімізді түбегейлі жаңғырту үшін заңнамалық өзгерістермен, кадрлық шешімдермен, саяси және экономикалық реформалармен ғана шектелу аздық етеді. Прогрессивті ұлт ретінде қоғамдық және жеке құндылықтар жүйесін жаңарту үшін көп тер төгуіміз керек. Мемлекет басшысын толғандырған өзекті мәселенің бірі,лудомания болды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Бұдан бөлек Президент, Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымы, Атом электр станциясын салу мәселелері жөнінде пікір білдіріп, журналистерді осы маңызды істерді жұртшылық арасында кеңінен насихаттауға шақырды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ