Мопед жүргізушілерінің назарына! Егер, сіз осы шағын қозғалтқышты көлік құралын тізгіндесеңіз, енді заң қатаяды. Көлемі 50 текше сантиметрден төмен мопедтер автокөлік құралына жатқызылады. Олар тіркеуден өтіп, мемлекеттік нөмірді алуы қажет. Бүгін Мәжіліс «жол жүрісі туралы» заңды қабылдады. Одан бөлек, отырыста депутаттар жастарға 5 пайызбен үй беру мәселесін де көтерді. 

Жол жүрісі туралы ереже өзгереді. Енді бұдан былай жүргізуші куәлігін арнайы автомектепте оқымасаңыз ала алмайсыз. Оның өзінде кез келген кәсіпкер өз бетінше автомектеп аша алмайды. Арнайы білім беру ұйымдары ғана оқытатын болады және жүргізу емтиханына өз бетінше  дайындалуға да тыйым салынады. Бір сөзбен айтқанда, талап күшейді. Ал, жүргізуші куәлігі жоқ, жол ережесін бұзғандар болса 7 жылға дейін құжат ала алмайды. Сондай-ақ, мопед тізгіндейтіндерге де талап қатайды.  

ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Жүргізушілердің А,Б, С санаттағылар А1 санаты автоматты түрде беріледі. Оларға «қозғалтқышы бар» велосипед ұғымы беріледі. Жаяу жүргіншілер жолағымен және тротуарларда жүруге тиым салынады. Техникалық байқаудан өткізу күшейтіледі. Жұмыс беру тәртібіне енгізіледі».

Жастарға арналған тиімді тұрғын-үй бағдарламасының жоғын депутаттар сынады. Салдарынан олар шет ел асады. Оның үстіне үй бағасы жыл өткен сайын қымбаттап, ал айлық өзгеріссіз қалуда дейді. Сондықтан, Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жастарға 5 пайызбен ипотека беруді ұсынды. 

ДӘУЛЕТ МҰҚАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Шындыққа тура қарасақ, баспанаға қаржы жинаудан, қымбатшылық қыспаққа алып күнкөріс мәселелі алдыңғы орынға шықты. Бұл бір. Екіншіден, елде жастарға арналған тиімді мемлекеттік бағдарлама жоқ. Елде тиімді бағдарламаның жоқтығынан жастар баспана алу үшін шетел асып жұмыс істеуге мәжбүр. Келмей қалып қойып жатқаны қаншама. Бұл елімізде дарынды, талантты жастардың азаюына алып келіп жатыр. Жастардың тиімді баспана алуына жағдай жасау және кемі 10%-дық бастапқы жарнамен өздері тұрып жатқан баспанасын сатып алуға мүмкіндік беру мәселелесін қарастыруды қайта сұраймын. Пайыздық мөлшерлемесі де 5%-дан аспауы тиіс. Немесе жалдамалы пәтерде тұру мерзімін ұзарту керек».

Ал, енді бір топ депутат ақша үшін ардан аттайтындарды сынады.Балалардың жазғы лагерьін бизнеске айналдырып, пайда таппақ болған кәсіпкерерді қатал жазаға тарту керек дейді. Демалып, жаңа оқу жылына күш жинап келуі керек балалар сапаға сай келмейтін жерде уақытын өткізіп, бұзылып келеді.Осылай деген Елнұр Бейсенбаев бұл мәселеге үкіметтің араласуын сұрайды. 

ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Балалар лагерьі мүлдем жетіспеді. Барларының өзі 10 пайызды ғана қамтиды. Оның ішінде де сапалысы аз. Пандемиядан кейін 30 пайыз нарықтан кетті. Балалардың жазғы демалысын қамутдағы статистика көкейге қонбайды. Жергілікті әкімдер мектеп жанындағыны лагерь дейді. Ол жөнсіз. Ол тек 5-6 сағат уақыт өткізетін орын. Оның үстіне лагерьлердің басым көпшілігі Кеңес кезінде салынған, әбден тозығы жеткен. Сондықтан, заманауй киіз үйлер, кемпинг, шатырлар енгізуді тәжірбиеге енгізу қажет».

Бұл аталғандардың қаншалықты жүзеге асатыны ол уақыттың еншісінде.