Жас ұрпақтың ұлттық рухта тәрбиеленуі үшін ақындармен жүздесуі маңызды. Ақындар арқылы олар халқымыздың рухани байлығымен, ұлттық құндылықтарымен, ана тіліміздің көркемдік мүмкіндігімен тікелей танысады. Мұндай кездесулер жастардың жігерін жанып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағыт-бағдар береді.Көрнекті ақын Мұхтар Шахановпен орын алған шараға назар аударсақ.
Көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты асыға тосқан жастар,ерекше ықыласпен қарсы алды. Тәлім мен тағылымға толы жүздесу барысында ол өзінің шығармашылық жолы, ұлттық рухты көтерудегі күресі және қазіргі қоғамдағы жастардың орны туралы ой бөлісті. Ақын жастарды шынайылыққа, әділеттілікке ұмтылуға, өз ұлтының рухани байлығын бағалауға шақырды.
ЭЛЬМИРА ӘЛІМЖАНҚЫЗЫ №49 ЖББ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ-ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Кездесу әсерлі сұхбаттармен, өлең оқумен және ашық пікір алмасумен жалғасты. Жастар өз сұрақтарын қойып, Мұхтар Шахановтың өмірлік тәжірибесінен құнды кеңестер алды.
МҰХТАР ШАХАНОВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ, АҚЫН
Мұхтар Шаханов өз шығармашылығы туралы әңгімелеп, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, ол өлеңдерінен үзінділер оқып, жастарды білімге, адалдық пен әділдікке үндеді. Шара барысында ақынның шығармаларына арналған әдеби композициялар қойылды. Ұстаздар қауымы осындай тағылымды кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, жас буын үшін рухани тәрбие беруде кезек күттірмейтін мәселе екендігін алға тартты.