Бауыр еті баласының тағдырына алаңдамайтын әкелердің мүлкі тәркіленуде. Оралда алимент төлемей, қашып жүрген әкелердің құны 3 млн 300 мың теңгені құрайтын «Volkswagen Passat» және "Ваз-2110" маркалы 2 көлік тәркіленіп, айып тұрағына қамалды. БҚО-да алимент бойынша қарыздарды азайтуға бағытталған "Алимент бойынша 10 қадам" жобасы аясында алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды анықтау және ұстау бойынша рейдтік шаралар жүргізілуде.  Қазіргі уақытта сот орындаушылары мүлікті бағалау және сату бойынша шаралар қабылдауда.

ӘДІЛ НҰРМҰХАНОВ, АҒА ПРОКУРОР