"

Оралда дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты және БҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатына оқушыларды конкурстық іріктеуге байланысты шу шықты.

Сәкен Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған және Айти мектепке баласын оқыту үшін емтихан тапсыртқан бір топ ата-ана білім басқармасының алдында жиналды. Оқушылар маусымның 8-інде тест тапсырады. Ата-аналар осының нәтижесінде балаларын мектепке қабылдауын талап етуде. 

МҰРАТ НҰРҒАЗИМОВ АТА-АНА « Ең көп  жинаған жүз бала өтіп тұр. Бесінші сынып екеу, алты және жетіден бір сынып бар. Сол сыныптарға балалар өтсін делінген. 564 бап бойынша қайтадан емтихан тапсырылмайды...»

Ата-аналар Сәкен мен Айти мектепке оқушыларды қабылдау үшін қайтадан тест тапсыртуға үзілді-кесілді қарсы. Олар балаларымыз қанша жыл осы емтиханға дайындалды. Талай ақылы оқу орталығының табалдырығын тоздырдық. Енді баламызға екінші қайтара сынақ тапсыру керегін қалай түсіндіреміз деп сұрайды. 

ЛУНАРА ОРАШАЕВА АТА-АНА « Түстік деп қуанып жүрдік. Енді он күн ішінде жариялау керек еді. Бұл кісілер ештеңе жарияламады, сот болып жатыр депте айтпады...»

Бұл жерде ата-аналардың үш тобының мүддесі бар. Олардың біріншісі емтихан нәтижесі күшінде қалып, балаларының оқуға түскенін қалайды. Екінші топ – балалары оқуға түсе алмай қалғандар. Олар емтихан кезінде әділетсіздік болғанын алға тартады. Үшіншісі – шақыртылмай, емтиханға қатыса алмай қалғандар. Басқарманың мәліметінше, Орал қаласының А.Байтұрсынов атындағы №10 орта мектеп базасында 8 маусым күні «Недвижимость Сити» ЖК өткізген емтиханның қорытындысы мектептер тарапынан техникалық сипаттамаға және мемлекеттік сатып алу шартының талаптарына сәйкес емес деп танылды. Осыған орай емтиханның қорытындысы заңды тұрғыда шешімін тапқанға дейін 2024-2025 оқу жылына оқушыларды қабылдау мектептер әкімшілігінің шешімімен уақытша тоқтатылған. 

ЕЛДОС САФУЛЛИН БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ « Комиссия құралады. Оны толығымен зерделейді. Мүмкіндігінше тест қайта тапсырмай барымен шешім қабылдауға тырысады. Бірақ, адал қарау керек»

Арнайы комиссия үш күннің ішінде оқушылардың мәселесін жан-жақты зерттемек. Ата-аналар бұл жағдай оңынан шешілмесе наразылық білдіріп, алаңға шығамыз деп отыр.