Оралда жыл басынан бері тауық жұмыртқасы 2 есеге қымбаттаған. Кейбір сауда орындарында он шақты жұмыртқаның құны 800 теңгеге жетеді. Үй тауығының жұмыртқасы 850 теңге. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тізбесіне С-1 санатындағы жұмыртқа енгізілген әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ғана бақылауға құқылы екенін мәлімдеді.

Өңірде тауық жұмыртқасының бағасы өткен жылдың соңында көтеріле бастағанымен соңғы 10 күнде шекті деңгейге жетті. Импорттықтың да, отандық жұмыртқаның да бағасы тез өсуде. Он жұмыртқаның құны 850 теңге. Жергілікті базардағы сатушылар мұны маусымдық құбылыс деп бағалап отыр. Сонымен қатар үй құстарына арналған азық пен дәрумендердің қымбаттауымен байланыстырады. РАЯ ДОСАЕВА САТУШЫ: «Қыс мезгілі болғандықтан біріншіден. Нарықтағы бағасынан аса қымбаттатып сата да алмаймыз халыққа. Алайда біз саудагер болғандықтан қосамыз ғой. Қазір тауар күн салқындауына байланысты аз келеді».

Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне енген өнімдердің бағасы ғана бақыланатынын айтады. Олардың қатарында жергілікті өндірушілердің С-1 санатындағы жұмыртқалары бар.

ЭЛЬМИРА ҚЫМБАТОВА БҚО САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұрақтандыру қоры арқылы сатылатын «С-1» санатындағы жұмыртқаның бағасы осы жылдың сәуір айына дейін сақталатынын атап өтті.