Адал еңбек етіп, отбасын асырап күн көрген Орал қаласының тұрғы қазір ағаш таяққа сүйеніп жүруден басқа амалы жоқ. Жұмысына қызмет қылып, барын салған қызметкерге мекеме басшылары жәрдемдескеннің орнына жәрдемақысын толық бермеген. Толығырақ алдағы сюжетте.
Бұл Оралдық Батыр Утивлинов. Ол 2022-ші жылдың шілде айында жергілікті жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың бірінде қызметте жүріп, қауіпсіздік шаралары сақталмаған орыннан оқыс жағдайда жоғарыдан құлап, мүгедектер қатарына түскен. Қызмет орнының басшылары жәбір көрушіге мардымды ақы төлемеген.
БАТЫР УТИВЛИНОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Мен сол жағдайдан кейін мүгедек болып қалдым. Біз компанияны сотқа бердік. Бұл жерде кінәлі тарапты анықтау өте маңызды болды. Бір жыл бойы соттың шешімі шықпай, ақырында ешкімнің кінәсі жоқ деп таныды».
Жаратқанның жазғанына көніп отырған Батыр Утивлиновтың бұрынғы қалпына түсіп, өздігінен жүріп-тұра алуы үшін шұғыл түрде қомақты соммада ота қажет. Оқиғаға қатысты еңбек инспекциясы комиссия құрып, зерттеу жұмыстарын жасау арқылы жәбірлеушілерді тапқан.
АСЛАН ЛҰҚПАНОВ БҚО БОЙЫНША ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Оқиғаның негізгі себептері - жұмыс барысында қауіпсіздік шараларының дұрыс ұйымдастырылмауы. «Weatherford-Care» ЖШС қызметкерлері Утивлинов пен Мурсалиевпен болған жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін ескере отырып, комиссия қорытынды жасады. Жұмыс беруші "Weatherford-Care" ЖШС кінәсі 100% -ға дәлелденді».
Істің мамандарымен денсаулыққа орташа және ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілгенімен, қылмыстың құрамның жоқтығынан іс тоқтатылған.