"

Оралда 300 мың теңгеге «Ғажайып көрпе» сатқан алаяқ ұсталды. Ол өзінің құрбанына бұл көрпе аурудың бәрін емдеп, құлан-таза айықтыратын керемет күшке ие деп сендіріп қалтасын тескен. Құрғақ сөзге сенген егде жастағы әйел, бар дертінен жазылып, дені сау адам болып өмір сүру үшін 140 мың теңге ақшасы мен алтын әшекейлерін бейтаныс жанға өз қолымен ұстатқан. Кейін «Ғажайып көрпенің» ешқандай қасиеті жоғын байқап, тақырға отырғанын түсінген соң тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.

АСЫЛАЙ ГУБАШЕВА БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Шығын 300 мың теңгені құрап отыр. Алайда бір нәрседен күдіктенген әйел дереу полиция қызметіне хабарласады. Полицейлер ақпарат түскен бойда күдіктіні іздеуге кіріседі. Ал алаяқтар сол сәтте  Ақтөбе облысына шығып үлгереді. Полицейлер кезекші тәулік ішінде «оқиға ізін суытпай»  Ақтөбе облысының аумағында жүрген алаяқты ұстайды. Жәбірленушіге ақша мен алтын әшекейлер қайтарылды. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Егер сіз осындай қылмыстың құрбаны болсаңыз, полицияға хабарласуыңызды сұраймыз».