Оңтүстік Кореяда 50 мыңға жуық мұғалімдер Сеулде митинг ұйымдастырды. Ұстаздар қауымы қарама қайшы әрекеттерге қарамастан құқықтарының қорғалуын талап етіп отыр.
Мұғалімдердің айтуынша, оқушылар мен олардың ата-аналары тарапынан қысым көрсетушілік жиілеген. Осыған байланысты соңғы кездері білім берушілердің кейбір әріптестері өз-өзіне қол жұмсаған.Шеруді ұйымдастыруға ат салысқан, бірақ аты-жөнін атамауды өтінген бастауыш сынып мұғалімі әріптестерінің қайғылы қазасынан кейін білім саласындағы жағдайдың қиындайтынын алға тартты.
ШЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:
«Ұстаздың өмірден өткеніне 49 күн болды. Алайда шындық әлі ашылған жоқ. Біз бүгін білім беру органдары мен үкіметті жағдайды анықтауға және жақсартуға шақыру үшін жиналдық».
ШЕРУГЕ ҚАТЫСУШЫ:
«Сабақтарға кедергі келтіретін негізсіз үлкен жүктемелер және оқушылар мен олардың ата-аналарынан шамадан тыс шағымдар көп болды».
Ата-аналар мен оқушылар Сеулдегі бастауыш мектеп жанындағы мемориалға гүл шоқтарын қоюға жиналды. Шілде айында бұл оқу орнында мұғалім өлі күйінде табылған. Бұған дейін ол оқушылар мен олардың ата-аналарының қысымына шағымданып келген екен.
ОҚУШЫ:
«Менің білімді болып өсуім ұстаздарға тікелей байланысты, мұғалімнің қайтыс болуы өте қайғылы жағдай».
Ұстаздың өз-өзіне қол жұмсауынан кейін мемлекеттік мектеп мұғалімдерінің шағымдары күрт өсті. Олар ата-аналар мен оқушыларға тәртіптік жаза қолдану үшін тым қатыгездік танытты деп әділетсіз айыпталып жатқандарын жеткізді.