Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов және нысана көздеуден Олимпиаданың қола жүлдегерлері Ислам Сатпаев пен Александр Ле Франциядан Алматыға табан тіреді. Спортшыларды әуежайдан жанкүйерлері, туыстары, достары және БАҚ өкілдері күтіп алды.
АҚТОЛҚЫН ТҰРЛЫҒАЗЫ ТІЛШІ: «Біз Алматы әуежайындамыз, Олимпиада жүлдегерлерін күтіп алып жатырмыз. Нысана көздеуден Ислам Сатпаев пен Александр Ле және Қазақстан тарихындағы спорттық гимнастикадан күміс жүлдегері Нариман Құрбанов қарсы алып жатырмыз».
Әуежай адамдарға лық толы. Ел намысын қорған спортшылардың жанкүйерлері қолдарына құшақ-құшақ гүл алып, сән-салтанатпен қарсы алды. Өнерпаздар домбыра мен баянда қазақтың ұлттық әуендерін шырқады. Қобалжу мен қуаныш сезімдері араласқан ата-аналар балаларының жеңісіне дән риза. Нариман Құрбановтың күміс медалі – тарихи жеңіс. Себебі бұған дейін елімізде спорттық гимнастикадан Олимпиада медалі болмаған.
НАРИМАН ҚҰРБАНОВ, ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ «Олимпиада ойындарына 3 жылдан астам уақыт дайындалдым. Жыл сайын нәтижеміз жақсарып, мойныма медаль тағатыныма сенімді болдым. Елдегі спорт саласы соның ішінде гимнастикалық спорт қарқынды дамып келеді. Тарихи жеңіс жас спортшыларға серпін берді. Менің жекеме де жазып, өздерінің ыстық ықласын білдіріп жатыр.Спорттық мансабым енді басталып жатыр, әлі де елдегі және әлемдегі жарыстарға қатысып, еліміздің көк туын көкте желбіретемін деген сенімдемін. Алдағы уақытта алтын алуды мақсат етіп отырмын»
ИСЛАМ САТПАЕВ, ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ «Бұл медальға аса таңғала қойған жоқпын, өйткені ол маған тосыннан келмеді. Себебі осы уақытқа дейін дайындығым жақсы болды. Көп жаттығу жасап, психологиялық, моральдық тұрғыда жұмыс істедік. Жарыс жолында медаль алатын күні жеңіске жететінімді сезіндім. Біздің келесі мақсатымыз – АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындарына қатысып, жеңіспен оралу. Сондай жеке бапкеріммен дайындаламын»
Мергендеріміз Ислам Сәтбаев пен Александра Ле нысана көздеуден Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салған болатын. 20 жастағы құралайды көзге атқан Александр Ле мен тілдескен едік.
АЛЕКСАНДР ЛЕ, ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ «Мен өте қуаныштымын, бұл сезімді айтып жеткізе алмаймын. Көп жылдан кейін нысана көздеуден медаль иелендік. Барша әлемге қазақтар күшті ғана емес, мерген екенін көрсеттік. Алдағы уақытта өз-өзімен жаттықтырушыларыммен ақылдасып, бірлесіп жұмыс істейміз. Бізді күтіп алып жатқандарға алғысымды білдіремін. Әуежайжан қарсы алып жатқан сәтте медаль алғанымызды сезіне алдым»
Олимпиада жүлдегерлеріне қаржылай сый беріліп, жанкүйерлері думандатып шығарып салды. Алдағы күндері елімізге боксшыларымыз, Нұрбек Оралбай мен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай келеді.