Петропавлдың Заречный кенті, Былғары зауыт, Ойқала, Куйбышев аудандарын және Борки кентінің 1105 тұрғын үйін тасқын су басты. Қазіргі уақытта кезекшілік жұмыстар қарқынды жүруде.
Ойқала ауданы, Заречный кенті мен Хром зауытын тасқын су басқандықтан, көлік қатынасы тоқтады. Тұрғындардың барлығы қауіпсіз жерге жеткізіліп, жауаптылар жабыла жұмыс жасауда.
МАРАТ ЖҰМАЛИЕВ СҚО ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: «Судың деңгейі ақырындап көтеріліп келеді. Қауіп әрине бар. Көпір бойындағы Потанин көшесіндегі судың ағысы қатты. Бүгін таңғы сағат 5 тен бастап суда қалған үй жануарларды құтқару жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта су астында қалған үйлерді айтатын болсам. Заречный кенті суға кетті, Хром зауыт 1384 тұрғын бар оның 1340 адамы эвакукацияланды».
Сондай ақ, Ойқала ықшам ауданын да су басты. Полиция қызметкерлері қарашаны қауіпсіз жерге жеткізіп үлгерген.
ЖАНГЕЛДІ АПЕНОВ СҚО ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: «Кеше кештен бастап Подгора аумағын су басып кетті. Сондықтан үйлерінде қалып қойған адамды құтқарып жатырмыз. Өзіміз судың ішінде жүрсек те. Бүгін таңнан бастап Подгора аумағында адамдар үйлерінде қалмады деп айта аламын. Қазіргі уақытта чс-пен бірге қалып кеткен жануарларды шығарып жатырмыз. Тағы да бір факты бөтен адамдар жүрмес үшін блок посттар қойып Подгораның аумағына ешкімді кіргізбей жатырмыз. Яғни ұрлық, тонау болмас үшін».
Жолаушылар аудандағы көпір жабық болғандықтан, Новакаменка ауылы арқылы өтіп Бескөл ауылымен қалаға кіре алады.