Петропавл – Жезқазған республикалық тас жолының Петропавлға кіреберісін су басты. Соның салдарынан жеңіл көліктердің қатынасы тоқтатылды. Су тереңдігі - 75 см-ге жуық. Енді Бескөл ауылы мен Петропавл қаласының тұрғындары вахтовка көлігімен келесі бетке тасымалданып жатыр.
Кешелі бері тұрғындар Бескөлден Петропавлға Камаз Вахтовка көлігімен тасымалдануда. Облыс аумағындағы 60-тай жолды су шайып кеткен. Оның ішінде 4 жол республикалық маңызы бар жолдар. Қазір ол жерлерде қарқынды түрде кезекшілік жұмыстары атқарылуда.
ШЫҢҒЫС МАХМЕТОВ СҚО ӨРТ СӨНДІРУ КЕЗЕКШІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІ: «Петропавл-Жезқазған тас жолының үстінен судың өтуіне байланысты Петропавл қаласының оңтүстік бекетінде судың тұрғанына байланысты СҚО төтенше жағдайлар департаменті күштері құралдарымен адамдардың қатынау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте ол медециналық техника және науқас адамдар екінші ретте аудан тұрғындары мысалы кім жұмыс істейді. Петропавлдан Бескөл ауылына Бескөл ауылынан Петропавлға қатынау жұмыстары жүргізіліп жатыр».
14 сәуір күні Бескөл мен Петропавл ортасына 2 мыңнан астам арнайы көлік жіберіліп, 3 мыңға жуық адам арғы бетке өткізілді.
АСАН ЕШКЕНОВ СҚО БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бескөл ауылында тұрамын. Осы көлікпен келіп кетіп жүрмін. Енді кішкене қиындау. Бірақ бәріне де төземіз басқа амал жоқ. Бір Алла күш берсе. Сабырлық қой бастысы».
Мамандар халық қамы үшін бар күштерін салып, тәулік бойы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жалпы есеппен 5270 адам және 906 техника жұмылдырылған. Төтенше жағдай орнағалы бері 10 мыңнан астам адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. 2000-нан астам үй су құрсауында қалды.