Алматы полицейлері адам ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. Қылмыстық топ мүшелері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды ұрлап, оларды заңсыз бас бостандығынан айырған. Ол аздай бұл адамдардың атынан қайтарымсыз несие алған. Күдіктілер Алматыдағы жеке тұрғын үйлердің бірінен ұсталды. Алдын ала болжам бойынша келген шығын көлемі 200 млн теңгеден асады.
ШЫҢҒЫС АЛЕКЕШЕВ ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі мен жинақталған дәлелдемелер жиынтығы бойынша күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, оны басқарып, қатысқаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың барлық жеті мүшесі ұсталып, қамаққа алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа да ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды».