Полицейлер Петропавл тұрғындарына жеке аулаларын су басудың алдын алуға көмектесуде. Жексенбі күні таңертең қалалық полицияның барлық қызметтерінен жасақталған мамандар тобы Петропавл қаласының жұмысшы кентіне келді. Шаруашылық құрал-саймандармен қаруланған полиция қызметкерлері түске дейін Красин көшесі мен Михеевтің 3-ші өтпе жолындағы арықтарды ішінара мұздан тазартты.
Айта кеткен жөн учаскелік полиция инспекторлары, әкімшілік және патрульдік полицейлері, кезекші бөлімдер мен арнайы мекемелердің, тыл бөлімшелерінің, ювеналды полицияның қызметкерлері су тасқынына қарсы іс-шараларға байланысты жұмыстарға белсенді қатысып жатыр. Сонымен қатар, Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығы Марат Жұмалиев бастаған полицейлер болашақта жедел көмек көрсету үшін аудандағы жағдай мен жалпы ахуалды сол жерде зерделеді. Су тасқыны бойынша жағдай мониторингі барлық мүдделі қызметтердің, соның ішінде полиция қызметкерлерінің тұрақты бақылауында. Мамандар су басу қаупі төнген жағдайда облыс орталығының тұрғындарына тазарту қызметтеріне 8 (7152) 39-64-16 немесе ikomek коммуналдық кәсіпорындардың бірыңғай call-орталығының 109 нөміріне қоңырау шалу қажет екендігін еске салады.