Бас қаламызда алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі Алматы декларациясының қабылдануының 45 жылдығына және Астана декларациясының қабылдануының 5 жылдығына арналған халықаралық конференция орын алды.Айтулы шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.Онда Президент, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына алғашқы медицианлық көмек қызметін үйлестіретін жаһандық колиция құруды ұсынды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Бүгінгі шарада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшылығының қатысып отырғанын пайдаланып, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жаһандық ұсыну саласы оның қызметін үйлестіретін арнайы құрылым құрудан ұтатынын айтқым келеді. Мен ДДСҰ қолдауымен алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі мемлекеттер коалициясын құруды ұсынамын».
Президенттің айтуынша, бұл коалицияның негізгі міндеті денсалулық сақтау саласындағы алдын алу принциптерін әрі қарай ілгерілету, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытудың бірлескен ұсынымдарын дайындау болу керек.