Президент Жолдауында елдің қорғаныс саласын күшейту керек деді. Әскеріміз жаңа озық үлгідегі техникалармен қамтылу тиіс. Сондай-ақ отандық әскери техника өндірісін күшейтіп, дамытуды міндеттеді. Мемлекет басшысының бұл айтқанын Талдықорғандағы әскерилер де мұқият тыңдады. Әскери техника мен қару-жарақты өзімізде құрастыру қажеттілігін отан қорғаушылар да жақсы түсінеді. Елдің қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз ету үшін қорғаныс әлеуетін нығайту басты міндет.
СҰЛТАНБЕК ҚАШҚАРОВ 18/404 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ОФИЦЕРІ:
«Егер де осы әскери техникалар өзімізде шығарылатын болса, біздің қауіпсіздік жағдайымыз күшейеді және де өз-өзімізге техника шығарып, қамтамасыз ете алатын боламыз».
Президент Жолдауындағы қорғаныс мәселесіне әскерилер де пікір білдірді
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 382