25 қазан – Республика күні – еліміздің тарихындағы маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн – Қазақстанның егемендік жолындағы тарихи қадамын айшықтайтын, ұлттық рухты асқақтатып, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадірін ұғындыратын ерекше мереке.
Осы айтулы мерекеге орай Алматы қаласы Наурызбай ауданының «№207 мектеп-лицей» КММ ұжымы барша қазақстандықтарды Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Республика күні – халқымыздың азаттыққа деген ұмтылысын, елдік мұраттары мен болашаққа деген сенімін бейнелейтін қастерлі күн. Бұл мереке өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіріп, туған жерге деген сүйіспеншілік пен ел тағдырына жауапкершілік сезімін қалыптастыруда айрықша маңызға ие.
Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, тәуелсіз Қазақстанның абыройы асқақтай берсін! Әр шаңыраққа шаттық пен береке, әр отбасына амандық пен бақыт, елімізге бейбітшілік, тұрақтылық және толағай табыстар тілейміз!
Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы, келешегіміз кемел болсын!
Республика күні құтты болсын! Жасай бер, тәуелсіз Қазақстан!
