Қызылорда қаласына іргелес жатқан Сабалақ саяжайының тұрғындары көгілдір отынға бірнеше жылдан бері қол жеткізе алмай отыр.Отын жарып, күл шығарудан мезі болған олар биліктегілер берген уәделерін орындасын деп- ашынуда.

Бүгінгі таңда саяжайда 3000 түтін, 6000 мыңнан астам жан бар. Көгілдір отынның игілігін көре алмай отырған осы жандар  2019 жылдан бері биліктегілердің құрғақ уәдесіне тойған. Тұрғындардың айтуынша көгілдір отын мамыр айында кіру керек болған.Сонымен қатар саяжайда су, жарық мәселесіде өзекті болып отыр.

ГҮЛСӘНІМ АУКЕНОВА САБАЛАҚ САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

РАЯ ЕРЖАНОВА САБАЛАҚ САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Жол азабын жүрген білер демекші бұл саяжайда жол жағдайы да ең өзекті мәселелердің бірі. Бір көше бойында орналасқан әрбір үйде кемінде 4-5 баладан бар.Мектеп жасындағы балалар жаңбыр жауып, табиғат тосын міңезін көрсетсе үйден кіріп-шығуымыз мұңға айналады дейді,- Қаракөз Көшекова.

ҚАРАКӨЗ КӨШЕКОВА САБАЛАҚ САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Көгілдір отынға байланысты қалалық әкімдіктің сала мамандарының жауабы, биыл «Сабалақ» саяжайын газбен қамту мақсатында 3 жоба-сметалық құжаттамалар қарастырылған. «Сабалақ» саяжайының квартал ішілік газ желілерін тарту жұмыстары бойынша екі жоба әзірленді: «Қызылорда қаласы, Сабалақ елді мекеніне орамішілік газ желісі және газреттегіш шкафты пункттер құрылысы, 1-ші іске қосу кешені» жобасына сараптаманың оң қорытындысы 2024 жылдың 25 сәуірінде алынды. Қазіргі уақытта бюджеттен қажетті қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылды. Келесі жоба бойынша Құрылыс – монтаждау жұмыстарын жүргізуші мердігерді анықтау мақсатында Мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып нәтижесі алдағы аптада белгілі болмақ.