Синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана бизнесімен айналысты деген күдікпен Астана қаласының 2 тұрғыны ұсталды. Тінту барысында ұсталған азаматтардан шамамен 80 мың бір реттік дозаға пара-пар 27 келіден астам «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ 1 тоннадан артық прекурсор алынды.
Тәркіленген есірткі құны «қара нарықта» 540 млн теңгеге бағаланады. Бұдан басқа, Астана қаласының басқа аудандарында зертхана жабдығы бар 40 футтық екі контейнер табылды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.