"

Ынтымақ түбі — игілік. Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты СҚО ардагерлерінен құрылған еріктілер тобы Алматыдан келген құтқарушыларды тамақпен қамтамасыз етіп, көпке үлгілі іс көрсетуде. Ынтымағымызды нығайтып жүрген ардагерлердің ең жасы 60-та. 

Арқа сүйер үлкен буыннан жиналған еріктілер тобында 40 жуық адам бар. Ұйымшыл топ бірлесе қаржы жинап, күн түн демей қызмет етіп жатқан құтқарушыларға жәрдем беруде. 

БЕЙБІТ АБИЛЕВ СҚО АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:«Мына біздің облыстық ардагерлер кеңесінің жанында еріктілер тобы құрылған. Осы топтың ішінде 34 кісіден астам жас зейнеткерлер одан жоғары жастары жоғары зейнеткерлер бар. Солардың енді бізде тоже басқа да еріктілер бар ғой. Жастар еріктілер бар, қоғамдық ұйымдардан еріктілер бар осы солар сияқты біз бүгінгі осы қиын жағдайда еріктілер тобы осы келген құтқарушыларға осындай көмек көрсетеміз деп осыларға осындай шараны ұйымдастырып отырмыз». 

Бөгеттерді бекітуге қол созғандардың қатарында ардагер еріктілер де бар. Сондай ақ, олар зардап шеккен аудандарды аралап, жаднамалар таратып біраз көмектерін тигізген. 

ЖАРҚЫНБЕК ЖҰПАРБЕКҰЛЫ СҚО №18-ШІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:«Қазіргі таңда Петропавл қаласында тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарға су тасқыны бойынша жаднама таратылып, сонымен қатар су тасқыны болған кезде қай жерге бару керек, қандай іс қимыл жасау керек бойынша құызмет атқарып жатырмыз. Қызмет атқару барысында тұрғын үйлерде үлкен кісілердің жалғыз болуына байланысты сонымен қатар  шыға алмай жатқан, көтере алмауына байланысты сондай қызметтер жасап, халыққа көмек көрсетіп жүрміз».

Статистикаға сүйенсек, Петропавл қаласының өзінен 500 жуық ерікті көмек көрсеткен.