Солтүстік Қазақстан облысы «Серебряный бор» сауықтыру кешенінде Қызылжар аудандық білім беру бөлімі мен Ұлттық ұлан әскери академиясы бірлесіп «Қызылжар Сұңқар-2024» іс-шарасын өткізіп жатыр. Оқушылар мұнда спорттық сайыстарға қатысып, туристік нысандарды аралайды. Іс-шара тамыздың 19-ы мен 21-і аралығында жалғаспақ.
210 оқушыны қамтитын бұл іс-шарада арқан арқылы өрмелеуді ұнататын Никита Романовта бар. Ол бұл жерге өз достарымен келген. 12 жастағы оқушы демалыс кешенінде алғаш рет болып отыр.
НИКИТА РОМАНОВ – ОҚУШЫ «Мен «Совхоз орта мектебінде» оқимын. Мұндағы спорт түрлері маған ұнап жатыр. Бірақ бұл жерде арқанмен өрмелеу үшін көп күш қажет екен. Алдағы уақытта тағы да келуге тырысамын. Басқа да қызықты іс-шараларға қатысамын деп ойлаймын».
8-10 сынып оқушыларына арнап ұйымдастырылған іс-шарада ұлттық спорт түрлері де тысқары қалмады. Асық ату, тоғызқұмалақ сынды ойындарға балалардың қызығушылығы арта түсті. Сондай-ақ, жоспар бойынша олар Ұлттық ұлан әскери академиясына барып , қару жарақтармен және техникалармен танысады.
ҚАЙЫРЛЫ МҰҚАТАНОВ – МҰҒАЛІМ «Балалар бүгін бірінші күннен бастап ауа райына қарамай келіп жатыр. Әскери-патриоттық күніне біздің қазақ ұлттық ойындарына кіретін тоғызқұмалақ, бесасық, асық ату. Содан кейін туризм, спорт шаралары өткізіледі. Балаларға көрсетіп үйретіп жатырмын. Балаларға ұнап жатыр. Айта кетейік, дәстүрлі түрде жылда өтетін іс-шара былтыр 250-ге жуық оқушыны қамтыған».