Көпқабатты үйлердің шатырларындағы қар еріп, мұз сүңгілер пайда болды. Мұндай көрініс бірден үрей тудыратыны түсінікті. Биыл Петропавлда төбеден мұз құлау фактілері тіркелген жоқ. Бұндай жағдайларды алдағы уақытта да болдырмау үшін дер кезінде әрекет ету керек.
Жоғарыдан құлаған мұз биіктіктен құлаған тастан да қауіпті. Бұдан бөлек, қалың қардың салмағынан шатыр қисайып немесе құлап кетуі ықтимал.Осыған жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, осындай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар тиісті шара жүргізуге міндетті. Қазір Петропавлда 5 қабатты үйдің шатырын тазалау құны орташа есеппен 60 мың теңге. Бірақ, баға кіреберіс саны мен төбенің аумағына байланысты өзгереді.
ӘСЕТ ИСМАҒҰЛОВ. ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ «ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ» КММ БАСШЫСЫ: «Көп қабатты тұрғын үйлердің шатырынан аққан мұз сүңгілерді болдырмау және сонымен қатар, сол тұрғын үйлердің шатырындағы қарларды тазалау жұмыстарын аталмыш тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар жүргізуі қажет. Егерде мұндай жұмыстар жүргізілмейтін болса, тұрғындар ішкі істер органдарына жүгіне алады.»
Бұл Жуков көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй. Қазір мұнда шатырға жиналған қарды түсіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұған 5 адам жұмылдырылған. Гүлбарам Боранбаева бұл үйде 7 жылдан бері тұрады. Айтуынша , биыл үйдің төбесіндегі қар алғаш рет тазартылып жатыр.
ГҮЛБАРАМ БОРАНБАЕВА. ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:«Қар жететін, үйдің қасында көліктер қаптап тұр.Қарды тазалап жатыр бүгін,ал бұған дейін тазаланбаған еді. Ақшаны ай сайын кешіктірмей төлейміз.»
Синоптиктердің болжауынша, соңғы 4 күнде күн райы жылы болады. Осы орайда қалалық әкімдік өкілдері пәтер иелерінің кооперативі төрағаларына үйлердің төбесіндегі қарды уақытында тазалау керектігін ескертуде. Егерде жауапты тұлғалар ескертуді елемейтін болса оларға қомақты мөлшерде айыппұл салынбақ.