"

Петропавлда «Таза Қазақстан» іс-шарасы бойынша облыс орталығында  көшелер, қоғамдық орындар, көпқабатты үйлердің маңайы  тазартылды.  Жалпы, бұл акция басталғалы орталықтан 340 тоннадан астам қоқыс шығарылған.

Іс-шараға 3 мыңнан астам ерікті ат салысты. Көпшілігі  Я.Гашек пен Крепостная көшелерінің арасын қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, «Жасыл ел» жасағының сарбаздары да қатысты.

ЖАНАТ КӘКІМОВ,  СҚО БОЙЫНША «БОЛАШАҚ» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Жасыл Ел» жобасы арқылы  14 пен 35 жас аралығындағылар жұмысқа орналаса алады.  Негізінен  студенттер мен мектеп оқушылары қабылданады. Жазда олар қоршаған ортаны қоқыстан тазарту үшін жұмыс істейді. Сондай-ақ  еңбекақы алады, арнайы киім-кешекпен қамтылады. Жоба тамыздың 1-нен басталды».
 
«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері  жастар үнемі қол ұшын созуда, облыста түрлі экологиялық акциялар мен іс-шаралар өткізілуде.

ДАМИР ӘБДИН – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ «Бүгінгі тазалық шарасына қаламыздың жастары мен еріктілері, «Жасыл Ел» және басқа да ұйымдастардың өкілдері қатысты. Петропавл көшелерін тазартып, жайнату үшін күш біріктіріп отырмыз. Мұндай жиындар жиі өткізіледі. Аптасына 2-3 рет шығамыз».

Айта кетейік, іс-шара басталғалы барлығы 340 тоннадан астам қоқыс шығарылған.