Талдықорған әуежайы маңындағы Дауылбай қорымынан ерте темір дәуіріне жататын қорған табылды. Мұндай олжа отандық археологияда сирек кездеседі. Элиталық қорғанның биіктігі 3-4 метр. Диаметрі 40 метр. Айналасы ормен қоршалған. Далалық зерттеулер барысында бұл жердің бірнеше рет тоналғандығы белгілі болды. Қазба жұмыстары нәтижесінде ер адамның сүйек қалдықтары, екі керамикалық ыдыс, малдың қаңқалары және ағаш қынабы бар акинак семсер табылған. Сондай-ақ алтын бұйымдардан:  белдік ілмешегі, түтікше, мысық тұқымдасына жататын аң бейнелі айылбастар анықталған.

Мамандардың пікірінше, қазылған қорғанды осыдан 2 мың жылдай бұрын  Жетісу жерін мекендеген үйсін мәдениетімен байланыстыруға болады. Археологтар әрмен қарай зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Барлық детальдар, талданатын болады. Кейбір олжалар "Остров Крым" ғылыми-реставрациялық зертханасында қалпына келтіріледі деп күтілуде.

ҒАЛЫМЖАН ОСПАНОВ - ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ