Қуыршақ театры балалардың рухани-мәдени өмірінің алғашқы баспалдағы. Тылсымын ішіне бүккен сала, көрерменін әдемі декарация, түрлі-түсті қуыршақтарымен баурап алады. Петропавлдағы облыстық қуыршақ театрының режиссері қойылымда қолданатын қуыршақтарды өзі жасайды екен. Бірнеше саланы жетік меңгерген маман жайында,келесі тақырыпқа кезек берсек.
ГРИГОРИЙ ЛАЙКО СҚО ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ БАС РЕЖИССЕРІ: «Қуыршақ театрына деген қызығушылық бала кезімде пайда болды. Бұрын теледидардан «Қуыршақ театры әлемі» деген бағдарламаны көрсететін. Сол кезде шабыттанып, бірнеше қуыршақты жасап шықтым. Мектеп кезінде математика, физикаға жақын болып, сол бағытта еңбек етемін деп ойладым. Дегенмен өмірдің өзі мені қазіргі театр өнеріне алып келді. Мәскеуге оқуға түсіп, театр әртісі және режиссері мамандықтарын алып шықтым. Негізі қуыршақтардың ішкі мехнизімі қатты қызықтырады. Қазір қуыршақтардан бөлек, декарацияны да жасаймын. Тапсырыс беріп, сатып алғысы келетіндер де табылады».
Институттың төртінші курсында оқып жүрген студент, танымал қуыршақ шеберімен танысады. Бұл таныстық небір жаңа туындының жарық көруіне себепші болған. Марионетка, шағын кейіпкерді бейнелейтін планшетті, адам бойымен бірдей таяқ, бес саусақты қолғап қуыршақтар. Қай-қайсысын болса да, шебер нақышына келтіріп жасап жүр. 300-ден астам туындының авторы. Шебердің айтуынша әр қуыршақты жасаудың өзіндік техникасы бар. Соған қарай бір қуыршақты жасауға бір аптадан бірнеше айға дейін уақыт кетеді екен.
ГРИГОРИЙ ЛАЙКО СҚО ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ БАС РЕЖИССЕРІ:
«Бұл шағын кейіпкерді бейнелейтін планшетті қуыршақ. Ағаштан жасалған. Қуыршақтың қол-аяғы, буындары қимылдауы үшін пружина өткізіледі. Іздесеңіз дүкендерден де осындай пластмасс қуыршақтар бар. Дегенмен ағаштан жасалғаны берік, қимылы да жеңіл болады. Жібі, қандай-да бір бөлігі ескірсе ауыстыру да оңай».
Кейіпкеріміз тек қуыршақ шебері емес. Театр әртісі, режиссер. Жұмыс барысында барлық фактор ескеріледі. Дәл осы себептен, әр әртістің қуыршағы ерекше болып шығады.