Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімін қабылдады. Өңір жетекшісі 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді.Қала әкімінің сөзінше былтырғы қорытынды бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 26% артып, 724,3 млрд теңгені құраған.Құрылыс саласы айтарлықтай жанданып, 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 28 мың оқушыға арналған 18 білім беру мекемесінің құрылысы басталған. 233 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, үлкен жолайырық пайдалануға берілген. Қасым-Жомарт Тоқаев Ғабит Сыздықбековке қала экономикасын одан әрі әртараптандыру, қосымша инвестиция тарту, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ