"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында соңғы кездері халық арасында пікірталас тудырған атом электр станциясын салу мәселесіне де тоқталды. Бұл – референдум арқылы шешілмек.

Осы орайда солтүстікқазақстандықтар да президент сұхбатын мұқият оқып, өз пікірлерімен бөлісіп жатыр. Солардың бірі - Петропавл қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Владимир Козлов.

ВЛАДИМИР КОЗЛОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ «Президент бұл сұхбатында көптеген мәселенің басын ашты. Соның бірі - 2 жыл бұрын болған қаңтар оқиғасы. Көпшілік көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды деп ойлаймын. Сондай-ақ Президенттің Қазақстанда атом электр стансасын салуды қолдайтыны да қуантады. Өндірісті дамыту үшін бізге электр энергиясы қажет. Ал Қазақстанда 3 жылу электр стансасының салынуы аз деп ойлаймын. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің қажеті жоқ. Барлық қазандықтарды ауыстыру қажет».