Болгария мемлекеті өзінің шаңғы трассаларымен, Қара теңіздегі құмды жағажайларымен және әсем астанасы Софиямен әйгілі. Сол себепті де, бұл елге келетін туристер қарасы да аз емес. Енді, соңғы болған пандемиядан кейін туризм индустриясы қайтадан қалыпты жағдайға оралуда.
РАШКОВ ТОМИСЛАВ ГИД: «София қаласының тарихи бөлігіне барғанда көз алдымызға әртүрлі дәуір кезеңдері елестейді. Қала осысымен ерекше әрі әдемі. Біз әлемдегі сирек орындардың бірі Толерант алаңына жақын орналасқанбыз. Бұл жерде мешіт, синагога, католик соборы және екі православие шіркеуі бар».
Шетелдік туристер көбінесе Румыния, Польша, Германия, Чехия және Ұлыбритания елдерінен көптеп келеді.
РУМЕН ДРАГАНОВ ТУРИЗМДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ИНСТИТУНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Жылына 30 миллион турист келетін Болгария мен Грецияны салыстыратын болсақ, онда осы санның үштен бірі осында келеді. Бұл көрсеткіш біздің еліміздің көлемі мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жақсы жұмыс істеп жатқанымызды білдіреді».
Туристердің көпшілігі Софияға тарихи, діни және мәдени көрікті жерлерді көру үшін келеді.
ВАНЕССА ДЭН ТАЙВАНЬНАН КЕЛГЕН ТУРИСТ: «Бұл жерде тек болгарлықтар өмір сүреді. Бірақ еуропалықтарға қатты ұқсайды. Менің ойымша, бұл жерде екі мәдениеттің араласуы бар. Бұл өте қызықты жайт».
РУМЕН ДРАГАНОВ ТУРИЗМДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ИНСТИТУНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Біздің елде кез-келген ұлт өкілдерін кездестіруге болады. Бұл біздің өзге еуропалық қалалардан өзгешелігіміз десек болады. Бізге алғаш рет келген туристарды осы нәрсе таң қалдырады. Бірақ, Софияның көшелерінде негізінен жергілікті тұрғындар мекендейді. Олар өте тату. Егер сіз саябақта болгарлар тобын кезіктіріп қалсаңыз, олармен өте қызықты кеш өткізуге болады».
Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің болжамдарына сәйкес, жыл соңына дейін Болгариядағы туристер саны 2019 жылғы көрсеткіштердің 75% жетеді. Бұл туризм секторы үшін «шың» деп саналады. Туризм кеңесінің мәліметінше, биыл өнеркәсіпте 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Ал сала қызметкерлерінің саны 287 мыңнан асады.