Түркияның Стамбул қаласының маңындағы Теркос су қоймасы тартылып барады. Ол Түркияның ең ірі мегаполисін және оның айналасындағы ауылдарды қажетті сумен қамтамасыз етуі керек. Құрғақшылықтың салдарынан мұндағы су деңгейі онжылдықтағы ең төмен көрсеткішке жетіп отыр.
ШАРУАГЕР: «Мен мұнда үш ай бұрын келдім, ол кезде су толы болды. Қазіргі жағдайды өздеріңіз көріп тұрсыздар, су тартылып кетті. Ары-бері жүзіп жүретін қайықтар да қалмады».
Түрік метеорологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, жыл басынан жаздың аяғына дейін елде жауын-шашын әдеттегіден аз түскен.Теркос су қоймасындағы су деңгейі қазір 9% -дан аспайды. Стамбулда 16-дан 20 миллионға дейін адам тұрады. Қалада қазірдің өзінде су тапшылығы байқалады. Айтулы мәселеге шаруагерлер алаңдаушылық білдіріп отыр. Ауа райын болжаушы мамандар, қазан айында жаңбыр жаууы мүмкін, бірақ ылғалдың жетіспеушілігін толтыруға жеткілікті ме, жоқ па уақыт көрсетпек.