Түрі өзгеше теңіз жәндігі жапондықтарды қорқытып тастады. Қазір ғалымдар оны зерттеуге кірісті.
Жапондықтар бұл теңіз жануарын «панда қаңқасы» деп атаған. Оның түрі кейбіреудің күлкісін келтірсе, енді біреулерге үрей тудырды. Бірақ ғалымдар мұны қызықты зерттеулердің бірі деп санайды. Өйткені, мұндай белгісіз су жәндігін бұрын – сонды көрмеген.Теңіз жәндігі асцидиялар түріне жатады. «Панда қаңқалары» Окинавадағы Кумедзима аралының маңындағы маржан рифтерінің арасында мекен етеді.Зерттеуші Наохиро Хасегава «панда қаңқалары» туралы бірнеше жыл бұрын әлеуметтік желі арқылы білген.
НАОХИРО ХАСЕГАВА ХОККАЙДО УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМЫ: «Бұл теңіз жәндігі Жапониядағы белгілі жұмсақ денелілер түрлерінен біршама ерекшеленеді. Суреттерден көргенде мен бұл сирек кездесетін су жәндігі екенін бірден түсіндім, өйткені ол басқаларға мүлдем ұқсамайды».
Асцидиялар – хордалылар түріне жататын қабықтылар тип тармағының класы. Бірақ хордаларға тән мүшелер оларда дернәсілдік кезеңде ғана пайда болады.
НАОХИРО ХАСЕГАВА ХОККАЙДО УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМЫ: «Сүйекке ұқсайтын ақ бөліктер - қан тамырлары. Олар асцидиандардың желбезектері арқылы көлденең өтеді. Панданың көзі мен мұрнын еске түсіретін басындағы қара дақтар жай ғана үлгі. Біз оның не үшін екенін әлі білмейміз».
Ерекше теңіз жәндігі адамдар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Қазір Кумедзима аралында туристер көптеп келіп жатыр. Сүңгуір жабдықтарын жалға алушылардың иелері бұған өте қуанышты.
СЮДЭИ ТЭРАЙ СҮҢГУІР ЖАБДЫҚТАРЫН ЖАЛҒА БЕРУШІ: «Біз әрқашан желіде фотолар мен видео жариялаймыз. Бұл теңіз асцидиандары жансыз емес. Олар тербеліп, қозғалады. Сондықтан туристер саны артты».
Жапон ғалымдарының айтуынша, Окинава маңындағы рифтер арасында ғылымға беймәлім көп тіршілік иелері кездеседі.