«Ла тур д’аржан» немесе «күміс мұнара» ежелгі мейрамханасының терезелерінен нотр-дам соборының таңғажайып көрінісін тамашалауға болады. Мейрамхана жақында күрделі жөндеуден өтіп,келушілерді қабылдай бастады.

Мекеменің 400 жылдық тарихы бар. Мұнда Мэрилин Монро, Бриджит Бардо, Анджелина Джоли және басқа да көптеген кино жұлдыздары, сондай-ақ саясаткерлер мен бизнесмендер болған. Жақында мейрамхана бір жарым жылға созылған ауқымды жөндеуден кейін ашылды. Асхана жаңартылды, ашық ас үй пайда болды, қызметкерлердің жартысы өзгерді. Жөндеу жұмыстарына қанша қаржы жұмсалғаны белгісіз, бірақ тауар айналымы қазірдің өзінде бір жарым есеге артқан.

СТЕФАН ТРАПЬЕР МЕЙРАМХАНА МЕНЕДЖЕРІ:
«Шындығында бәрі өзгерді.Энергия жаңа,отбасылық жайлылықтың ерекше атмосферасы, өйткені мұнда өз үйіміздегідей сезімде боласыз».

Ас мәзірі арнайы рецепт бойынша дайындалған тығыздалған үйрек. Мейрамхана әр құсты санап, тұтынушыларға жеген құстың нөмірі жазылған сертификат береді. 1890 жылдан бері мұнда дайындалып келеді.

Ал,мына ерекше тағам «жұмбақ жұмыртқа» деп аталады.

ЯННИК ФРЭНК АСПАЗ:
«Жұмыртқаның ағын пісіру керек, бірақ сарысын емес. Клиенттер сырын білмей қатты таң қалады. Олар көбіне сарысын шикі қалдырып, ағын қалай пісірдім деп сұрайды. Өкінішке орай, айта алмаймын. Құпия».

Мейрамхана сонымен қатар 320 000 бөтелке орналасқан шарап жертөлесімен танымал. Шарап тізімі - салмағы сегіз килограмм болатын кітап. Онда 14 000 француз шараптарының атаулары бар. Жертөле үнемі күзетіліп тұрады.

Andre Terrai мейрамхананың иесі. Оның ата-бабалары өткен ғасырдың басында Күміс мұнараны сатып алған. Мейрамхана енді тұтынушыларды келесі жылдың 26 ​​шілдесіне брондауды күтуде. Бұл күні Париждің қақ ортасында жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Бұл уақытқа дейін Нотр-Дам соборының жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс.

АНДРЕ ТЕРРЕЙ МЕЙРАМХАНА ИЕСІ:
«Бізде Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына арналған алдыңғы қатардағы орындар бар. Бұл үлкен мәртебе. Барлығы дәл осы жерден басталады».

Мейрамханадағы түскі ас 440 еуроға дейін тұрады. Жаңа жылдық дастархан шараптарды есептемегенде бір адамға 780 еуроны құрайды. 170 шаршы метрді құрайтын зал бір уақытта 50 клиентке қызмет көрсете алады.

Сондай-ақ мейрамхана аумағында ашық террассалар бар, сонымен қатар жеке саунасы бар пәтерлер бар. Мекеменің тарихы 16 ғасырдың аяғында басталды деп есептеледі. Ол кезде бұл жерде ет өнімдерін шығаратын өндірісорны болған.