Халықаралық отбасы күні әлем бойынша 15 мамыр күні аталып өтілсе,біздің мемлекетте бұл мерекелік күн жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде тойланады. Отбасы қоғамның негізгі бөлшегі ретінде адами құндылықтардың, мәдениет пен ұрпақтардың тарихи сабақтастығының сақтаушысы және тұрақтылық пен дамудың бастауы болып табылады.

Отбасы, адалдық және махаббат – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтар. Адамның өмір жолы өз отбасынан басталады: дүние есігін ашу, сол ортада тәрбиелену, рухани құндылықтар мен адамгершілік көзқарастары жанұясы арқылы қалыптасады. Осындай құндылықтарды бойға жинаған Қызылорда қаласындағы Ыдырысовтар әулетінде бір отбасындағы екі адам, төтенше жағдай қызметінде жұмыс жасап, өз ошақтарының ғана емес қоғамның да қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр. Бақытты отбасын құрған ерлі-зайыптылардың шаңырағының алтын қазығы болып отырған анасымен тілдескен едік.

АҚАЛТЫН ОМАРОВА Н.АСЫЛХАНҰЛЫНЫҢ АНАСЫ

Отбасы құндылықтарын қадірлеп, дәріптеп келе жатқан ерлі-зайыптылар өрт сөндіру қызметінің мамандары. Түсіністік пен мейірім үйлесімділік тапқан отбасы саланың қиындығын біле тұра, баянды өмір сүріп келеді.

ЛӘЙЛӘ ЖҰМАТАЕВА ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ №6 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ РАДИОТЕЛЕФОНИСТІ

Отбасы – әрбіріміз үшін қадірлі ұғым. Дегенмен, шаңырақтың беріктігі – үлкендердің үлгі-өнегесі, өзара сыйластық пен қамқорлыққа байланысты. Отбасы құндылығын қадірлеген өнегелі шаңырақ иелері, сұхбат барысында «Отан- отбасынан басталатынын» дәріптеді.

НҰРСҰЛТАН АСЫЛХАНҰЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ №6 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ

Еліміздегі әрбір отбасы – қоғам айнасы. Келер ұрпақтың көкейінде күмән, көңілінде түйткіл болмай, рухани толыққанды болып қалыптасуы отбасылық тәлімге тікелей байланысты. Өнегелі отбасын құруға, сақтауға және үлгі етуге әрбіріміз жауапты болуымыз керек.