Бүгін Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков халыққа есеп берді. Аудандағы білім саласы,денсаулық, көгалдандыру,жол мәселелері,жарықтандыру секілді бірқатар салалар бойынша ақпарат беріп,тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізген Алатау ауданы әкімінің баяндамасы әдемі статистикамен басталды. Атқарылған істерді орыс тілінде тәптіштеген ол, журналисттердің ана тілінде қойған сауалдарына ғана жауап қатты. Анығын айту керек,Алаутау ауданында мақтанудан көрі,көпшілікті мазалайтын мәселе көп.Жаңа Қазақстанға қадам бассақта  жол,су,жарық секілді инфрақұрылымдар толық шешімін таппаған. Ауруды жасырғанмен өлім әшкерелейді дегендей ауданның кейбір көшелерінде жағдайдың ақсап тұрған жері де жоқ емес. Соның бірі Шаңырақ шағын ауданы,Қосағаш көшесінің сиқы. Осыдан үш жыл бұрын су құбырларын жүргізу үшін қазылып осы күйге түскен көшелердің тұрғындары арнамызға осыған дейін де хабарласып жағдайларынан әкімшілікті құлағдар еткен едік. Толассыз жауған соңғы күндердегі жауын салдарынан көшелері көлкіген көлшікке айналған тұрғындардың биліктегілерге назы көп.

ТҰРҒЫН

Әкімнің кезекті есеп беру шарасында тұрғындардың көкейлеріндегі сауалды жолдаған едік.

АЗАМАТ ҚАЛДЫБЕКОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Әкімнің берер жауабы осы. Әзірге тұрғындар сиырқұйымшақтанған жолдың азабын көре тұруға мәжбүр.