Шетел азаматтарын бопсалап, 3 млн теңге және 13 мың АҚШ долларын қолды еткен қарақшылар ұсталды. Алматы облысының 5 тұрғыны жаңа жыл қарсаңында Сингапурлық туристердің жалдамалы үйіне басып кіріп, оларды ойыншық тапаншамен қорқытып, ақша талап еткен. Алматы қалалық полиция департаменті аталымш іс бойынша жедел-іздестіру тобын құрып, бейнебақылау камераларының көмегімен көп ұзамай ұрыларды ұстады. Қарақшылар шетелдіктіктерде қомақты ақша бар екенін алдын-ала білген.
ЖӘБІРЛЕНУШІ «Бізді қатты қорқытты. Полиция қызметкерлері жарады. Қылмыскерлерді тез қолға түсірді. Оларға өз атымнан және еліміздің атынан шексіз алғысымды білдіргім келеді».